|
Главная страница
/
Казахстан
Поздравления и пожелания на казахском языке: свадьба, день рождение, той, юбилей!
***
Бұл өмірге адамдар жылап келіп жатады, Жылайтұғын себебі адамдар бар қинайтын. Бұл өмірге адамдар жылап келіп жатады, Жылайтұғын себебі адамдар қимайтын! -деп философ ақын Қадыр Мырза-Әлі айтқандай өмір есігін жаңа ашып, азаматтық атқа мініп жатқан осынау ұл балаңның тойында Асеке, өзіңізге де, ұлыңызға да тілер тілегім: қинайтын дұшпаның аз болып, қимайтын достарың көбейсін! Айналаң каумалаған қалың ел болып, абыройың асқақтасын! Жасап жатқан сүндет тойың кұтты болсын!
***
Мұсылмандық - бұл міндет, Құтты болсын бұл сүндет. Өмір жолы ұзақ жол, Ұзақ жолда талмағын. Еңбек, жолда талмағын. Қатарыңнан қалмағын, Биік болсын талғамың Халқын сыйлар адам бол, Орындалсын аманың. Мұсылмандық - ұыл міндет, Құтты болсын бұл сүндет!
***
Баланың сүндет тойы кұтты болсың, тезірек ер жетіп, имандылықты бойына сіңіріп өскен елінің айтулы азаматы болсын!
***
Кешкұрым баласы әкесінен: - Бізге Ай жақын ба, әлде Америка жықын ба? - деп сұрапты - Балам, сен әжептәуір жігіт болдың, мектепке барып жүрсің, мұндай сұрақ қойғаның ұят емес пе? Жүр, балконға шығайық. Кәне, аспанға қарашы, не көріп тұрсың? - Ай. - Дұрыс. Ал айналаңа көз жүгірт: бір жерден Америка көріне ме? - Жоқ. - Енді мене несін сұрайсың, - деген екн әкесі. Кішкентай балапаным, маған дүниедегі ең жақын аспандадғы Ай да емес, Америка да емес - сенсің! Сен - менің Айымсың! Бүгінгі сүндет тойың кұтты болсын! Тезірек ер жетіп, үлкен азамат болып бәрімізді куанышқа кенелте бер!
Версия для печати
| Другие посетители сайта читают также |
|
|